BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылы Қазақстандағы көлік өндірісі 50% артады

Фото: Колёса

2018 жылы отандық өндірушілер Қазақстанда құрастырылған автолардың үлесін 50% көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының вице-президенті Анар Мақашева айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Локализация да 50% өседі. Вице-президент әрбір сатып алынған үшінші көліктің Қазақстанда жасалғанын және локализация деңгейінің 36% екенін айтып өтті.

«Әрине, қазақстандықтар үшін бұл көліктердің бағасы қымбат. Бірақ көліктерге несиені 4%-бен беру бағдарламасының арқасында мақсатқа жетеміз», - дейді Мақашева.

Мұнымен қатар, вице-президент мемлекеттік автопромды субсидиялауға 10 млрд теңге бөлгенін айтып өтті. 2018 жылы Volvo секілді эконом-класстағы жаңа брендтер пайда болуы мүмкін.

«Осыған орай, биыл жаңа автолар сатылымын - 22%, 50,8 мың бірліктің орнына 62 мың бірлікке көбейтуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлайды ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер