BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«KazSat-2» арқылы 29 млрд теңге үнемдеп отырмыз – Бауыржан Құдабаев

Фото: Игор Бургандинов

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ғарыш дәуірінің басталғанына 60 жыл толуына арналған баспасөз-турын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз-туры аясында журналистер Ақмола облысының Ақкөл қаласында орналасқан KazSat байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқару жерүсті кешенінде (ЖБК) болды.

Сапардың басты мақсаты - «Ақкөл» ЖБК жұмысымен, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларымен (Ақкөлдегі РҒБО тұрғын үйінде болу) танысу, РҒБО ұжымы құрған Қазақстандағы бірінші радиомұражаймен танысу.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына «РҒБО» АҚ президенті Виктор Лефтер, компанияның вице-президенті Бауыржан Құдабаев, ЖБК орталықтарының басшылары, Байқоңыр ғарыш айлағында қызмет еткен және жұмыс істеген кәсіпорынның мамандары, РҒБО қызметкерлерінің отбасылары жауап берді.

«KazSat-2» байланыс және хабар тарату спутнигі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2011 жылғы 16 шілдеде ұшырылды және 86,5ºш.б. орбиталық позициясында мақсаттық бағыты бойынша пайдаланылуда. Спутниктің пайдалы жүктемесін Thales Alenia Space компаниясының италиялық бөлімшесі жасады. Спутниктің транспондерлік сыйымдылығы 864 МГц (жиіліктердің Ku-диапазонында) құрайды. «KazSat-2» спутнигінің қамту аймағы өзіне Қазақстан Республикасын, Орта Азия аумағын (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан), сондай-ақ Ресейдің орталық бөлігін қамтиды» - дейді компанияның вице-президенті Бауыржан Құдабаев.

«KazSat-2» ҒА-ның барлық жүйесі қазіргі таңда штаттық режимде жұмыс істеуде. Бірақ оның кепілді мерзімі 2023 жылы аяқталады. Соған орай қазір орталық оны алмастыратын аппаратты жасауға дайындалып жатыр.

«KazSat-2» сериялы ғарыш аппараттарының базасында Қазақстан Республикасының байланыс және хабар тарату ұлттық операторларына қызметтер көрсету есебінен шетелдік спутниктер қызметтерінің импорты азайтылды. Соның негізінде еліміз 29 млрд теңге көлемінде қаржы үнемдеп отыр. «KazSat-2» іске қосылып, өткен жылдан бастап отандық спутниктік жүйені іске қосқанға дейін еліміз басқа ғарыштық антенналарға жылына 35-40 млн доллар көлемінде қаржы төлеп келген. Біз қазыр осыдан арылдық. Елімізді және жақын көршілеріміздің біразын отандық ғарыш аппаратымен қамтамасыз еттік» - дейді Бауыржан Төлеуханұлы.

Ал «KazSat-3» байланыс және хабар тарату спутнигі 2014 жылғы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан байланыс және хабар тарату ұлттық ғарыштық жүйесін дамыту мақсатында ұшырылған.

«KazSat-3» байланыс және хабар тарату ғарыштық аппаратын пайдалануға беру - KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктерінің өзара резервтесуін қамтамасыз ету;

- Халықаралық электр байланысы одағында 58,5ºш.б. орбиталық позициясын Қазақстан Республикасына бекіту

- Қазақстан Республикасының бекітілген спутниктік байланыс арналарына қажеттіліктерін толық қанағаттандыру» - дейді вице-президент.

Оның айтуына қарағанда орталықта 89 адам жұмыс істейді. Оның 45-і нақты ғарыш аппаратының түрлі саладағы мамандары. Көбі жастар және «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған тәжірибелі мамандар. Ғарыш орталығының мамандарына арналған 33 пәтерлі, 4 қабат тұрғын үйде адам жанына керектің барлығы бар. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер