BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Қазатомөнеркәсіп" уран өндіруді азайтады

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы уран өндірісін "сұраныс көлеміне сай" 20 пайызға азайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуына қарағанда, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы табиғи уран нарығындағы ұсыныстың мөлшерден көп екенін ескеріп, өндірісті сұранысқа сай қысқарту туралы шешім шығарған.

«Қазіргі нарықтағы жағдайға сәйкес, сондай-ақ табиғи уран нарығындағы өнім ұсынысының тұрақты артықшылығын ескере отырып, біз өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөніндегі стратегиялық шешімді қабылдадық. Аталған іс-шаралар біздің уран өндірісінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ұстанымымызды көрсетеді, себебі уран өндіру дүние жүзіндегі көмірқышқылынсыз, таза электр энергия өндірудің маңызды элементі болып табылады» - дейді компания төрағасы.

Компанияның ресми сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, әлемде табиғи уран өндіруден бірінші орында тұрған "Қазатомөнеркәсіп" уран өндірісін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл бойы азайтады. Компания 2018 жылы өндірілетін уран көлемін 4 мың тоннаға (әлемдегі өндірісі көлемінің 7,5 пайызы), ал жалпы үш жылды қоса алғанда барлығы шамамен 11 мың тоннаға азайтуды жоспарлап отыр.

"Қазатомөнеркәсіп" өз шешімі туралы негізгі клиенттеріне хабарлады және бұл шараның болашақтағы уранмен қамтамасыз ету міндеттемесіне әсер етпейтініне сендірді" делінген компания хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер