BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақстанның жасыл экономикаға көшу моделін қолдау» жобасы қорытындыланды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада 2015-2018 жылдарға арналған құны «Қазақстанның жасыл экономикаға көшу моделін қолдау» Еуропалық Одақ, БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Еропалық экономикалық комиссиясы біріккен жобасының Қорытынды конференциясы өтті.

Жоба аясында Қазақстанның 8 облысында құны 7,2 млн еуроны құрайтын 15 технологиялық жоба жүзеге асырылды.

Жобаның бас техникалық кеңесшісі Хенри Вайс бүгінгі шара екі жыл аясында қол жеткізген жетістіктерді талқылап, осы жобаның тәжірибесін әрі қарай қалай пайдалануға болатынын талқылау үшін өткізіліп отырғанын атап өтті.

«Бұл жоба екі секторды қамтиды. Ол экономиканы әртараптандыру үшін өте маңызды. Қайта қалпына келетін энергияны дамытуда Қазақстанның әлеуеті өте жоғары. Қазақстан жылдан жылға энергияны арттырып, өте жоғары көрсеткішке ие болып келеді. Екіншісі, ауыл шаруашылығын дамыту, өйткені халықтың 40% астамы ауылдық жерлерде тұрады. Қазір ауыл шаруашылығы ЖІӨ 5% құрайды. Бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де халық саны өсуде. Сондықтан энергия секторы және суды тиімді пайдалану, әсіресе суландыру мақсаттарында су ресурстарын тиімді пайдалануда Қазақстан өте жақсы көрсеткіштер көрсетіп отыр», - деп атап өтті ол.

Негізгі үш бағытта жүргізілген жоба – шекаралық су ресурстарын басқару, су байлығын қорғау тұрғысынан Ресей Федерациясы тарапынан қолдау тауып, Жайық өзені суын пайдаланудың бірлескен жобасы жүзеге асты. Қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар денсаулығын сақтау мәселелерін мемлекеттік бағдарлама, саясат тұрғысынан қарастырылды.

ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай «Жасыл экономика моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» жобасымен бірлесе 2050 стратегиясына орай өте айқын мақсаттар қойып отырғанын атап өтті.

«Елбасы 2013 жылы елдің жасыл экономикаға көшу концепциясын анықтап, Қазақстан сол концепцияға байланысты әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді жоспарлап отыр. Концепцияның басты мақсаты – ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылату. Бұл дегеніміз – қазіргі таңда қолданып отырған инфрақұрылымды жаңартып, қоршаған ортаның сапасы, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыртқы қауіпсіздік, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі», - деп атап өтті ол.

Сәбит Нұрлыбай министрліктің стратегия асында көптеген жұмыстар өткіетінін атап өтті.

«Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экожүйені қалпына келтіру, кәсіпорындардан шығатын зиянды заттарды қысқартып, жалпы ұлттың денсаулығына көңіл бөлу секілді жобаларымыз бар. Арнайы жоспарымызда осы Еуроодақ пен БҰҰ-мен бірлесе ауыл шаруашылығын қамтитын тұрғын жайларды, гидроқұрылымдарды тиімді қолдану жолдары, суды үнемдеудің әртүрлі технологияларын енгізу секілді жобаларды іске асырып отырмыз. Екінші маңызды жоба – гидроқұрылымдарды автоматтандыру, тиімді қолдану. Осы экономикалық модельдердің әрқайсысы тиімді екенін көрсетті», - деді вице-министр.

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішов осы жоба тәжірибелері алдағы уақытта басқа өңірлерде қолданылатынын айтты.

«Біз зиянды заттардың шығарылуын қысқартып, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбек өнімділігін арттырып, таза экологиялық өнімге қол жеткізу жолдарын қарастырып отырмыз. Сондай-ақ әртүрлі жағдайларда су тасқыны кездерінде халықты нақтылы ақпараттандыру, Ақтөбе су қоймасын автоматты басқару сияқты іс-әрекеттер жасалды. Осы жобаны қаржыландырғаны үшін БҰҰ, Еуропалық экономикалық комиссияға, Еуроодаққа алғыс айтамын», - деді комитет төрағасы.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон ресурстарды тиімді пайдалану Еуропа-2020 стратегиясының бірден бір бөлігі деп атап өтті.

«Экономиканың қарқынды және тұрақты дамуы ресурстарды тиімді пайдалану бойынша Еуропа бұл стратегияны жүзеге асырып келеді. Стратегияда 2030 жылға дейін миллионнан астам жұмыс орнын ашу, бизнесті жүргізудің жаңа жолдарын қарастыру, зиянды газдардың шығарылуын қысқарту секілді маңызды шаралар бар. Қазақстан осы конференцияға дайындық барысында «Қазақстанның 2050 стратегиясы», сондай-ақ «жасыл экономикаға өту моделі» секілді бірнеше өте маңызды стратегиялық шешімдер қабылдады. Қазақстан мұнай мен газ мемлекеті екенін білеміз. Дегенмен ресурстарды рационалды түрде пайдалансақ, көмірқышқыл газын қысқартсақ, жасыл даму бағдарламасы арқылы қол жеткізуге болады. Өйткені бұл бағдарлама жасыл технологияларды пайдалану мақсатын қояды», - деді елші.

Ол Қазақстан осы бағдарламаны қолдану арқылы жасыл экономиканы пайдалануда көшбасшы болып отырғанын айтты.

«Қазақстан заңнамасын өзгертіп, халықаралық әртүрлі жобаларға атсалысып отыр. Жазда «ЭКСПО 2017» көрмесін өткізді. Бұл әлемге өз тәжірибесін көрсетуде ең тиімді жетістігі болды. Қазақстан жасыл экономикаға өтудің басты қадамдарын жасап, басқа елдерге жақсы үлгі болып отыр. Біз Қазақстанды өзіміздің стратегиялық басты және маңызды әріптесіміз деп санаймыз. ЕуроОдақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған жасыл экономика технологиялары осының жарқын мысалы бола алады. Біз алдағы уақытта да жаңашыл жобаларды жоспарлап, оларды қолдайтын боламыз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Ал БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура экологиялық проблемаларды шешу қашан да маңызды екенін, ол табиғатты сақтап қалу үшін ғана емес, қоғамымызға үлкен әсер ететінін атап өтті.

«Қазақстан үкіметі халықаралық заңнамаларға да өзгеріс енгізуге атсалысты. Бұл жоба арқылы 14 шешім көрсетіліп, 14 түрлі модель пайдаланылды. Әртүрлі экономикалық, экологиялық тұрғыдан қолдануға болатын шешімдер, жаңа практикалар енгізілді. Құрғақшылық қалыптасқан аймақтарда ауыл шаруашылығын дамытуға жоғары өнім алуға болатынын тағы бір рет дәлелдеді. Алматы облысында суды қайта пайдалану сияқты жобалар жасады. Халықтың, әсіресе әйелдер мен балалардың өмір стандарттарын жоғарылатуда сумен, ыстық сумен қамтамасыз ету сияқты жобалар іске қосылды. Бұл жобаларды басқа салаларда қолданыла отырып, басқа елдерге де ұсынылатын болады», - деді ол.

Ол бұл жобаға Еуропалық Одақтан 7,2 млн еуро бөлінгенін және бұл БҰҰ үшін ең жемісті жобалардың бірі болғанын атап өтті.

Аталған іс-шара Қазақстанда табиғи шикізаттарды пайдалану мен су ресурстары секторын дамытудың жаңа үлгісіне көшуді қолдау жобасын қорытындылауға арналды. Жоба аясында су секторын басқару мен заңнамалық құжаттарды жетілдірудің тиімділігі негізінде жетісіктерге қол жеткізу мүмкіндіктеріне қорытынды жасалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер