BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 110 елге экспортталады

Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 110 елге экспортталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда Қазақстан отандық өндіріс өнімдерімен елімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, сыртқы нарыққа шығуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын баяндаған партиялық тыңдауда айтты.

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорт көлемі 7,5 млрд. долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артты.

Министрдің айтуынша, Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 110 елге экспортталады. Бірқатар тауар түрлері үшін жаңа өткізу нарықтары ашылды.

Алғаш рет Lada Niva жеңіл автокөлігі ҚХР мен БАӘ-не, Тәжікстанға JAC автокөлігі экспортталса, ауыл шаруашылық машина жасау өнімдері бойынша «ДонМар» компаниясы шығаратын дестелегіш алғаш рет Ресейге экспортталды.

Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған 7 жылда өңделген тауар экспортының номенклатураларының артқаны байқалып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер