BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық ғарыш компаниясы ISO 9001 стандартына сәйкестігін растады

Фото: ашық дереккөзден

«Ғалам» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны жоғарғы сапа стандарттарына сәйкестігін растайттын ISO 9001 сертификатын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Кәсіпорын мамандары сапа менеджмент жүйесінің халықаралық сертификатын алу үшін үлкен күш жұмсады. Аудиттің негізгі мақсаты ұйымның технологиялық және бизнес-процестері болды. Жалпы, сертификаттау - Ғалам сапа менеджментінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Airbus DS компаниясының қолдауымен және технологиялар трансферті арқасында біздің мамандар экран-вакуумды жылы оқшаулау, күн сенсорлары, кабельдік өнімдер мен дәл механика бөлшектерін өндірді. Келесі жылы 3D басып шығару саласындағы бөліктердің өндірісін қосу арқылы сертификаттау саласын кеңейтуді жоспарлап отырмыз» - деп атап өтті «Ғалам» ЖШС бас директоры Айберген Русланұлы.

Айта кетейік, ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігін тексеру үшін әлемдегі жетекші сертификттау органдарының бірі - Bureau Veritas Certification шақырылды. 1828 жылы негізі қаланған Veritas бюросы сынақ, тексеру және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ғалам» ЖШС 2010 жылы Казақстан мен Франция арасындағы әріптестік келісім аясында бірлескен AIRBUS DS және «ҰҚ» АҚ Қазақстан Ғарыш Сапары» ретінде құрылды.

Бірлескен кәсіпорын ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешенін құру мақсатында ғарыш аппараттары мен компоненттерін өндірудің технологиялық және өндірістік базасын тексеру үшін құрылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер