BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 425.63 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.68
Астана:

Қазақстанда жаңа мұнай өңдейтін зауыт салынады

Фото: Kursiv.kz

2018 жылдың көктемінен бастап Шығыс Қазақстан облысында мұнай өңдейтін зауыт салына бастайды. Бұл ақпаратты облыстың Теректі ауданының әкімдігі растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Аудан әкімі Кәрім Жақыпов жобаның бизнесмендердің жекеменшік иелігі екенін жеткізді.

2017 жылдың ақпан айында әкімдік БАӘ бизнесмендерінің инвестициялары арқасында жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Бұл инвестицияның жалпы құны – 420 млн доллар. Алғабас ауданында мұнай өндіру зауытының құрылыс жұмыстары үш жылға созылады.

Аталған зауыт қолданысқа берілгеннен кейін 200 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 9 ақпан күні Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында төртінші мұнай зауытын жылдам салу мәселелерін қарастыруды тапсырған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер