Қазақстанда порттарды қорғауды бағалау үшін уәкілетті орган белгіленді - Индустрияландыру|16 Тамыз 2018, 22:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда порттарды қорғауды бағалау үшін уәкілетті орган белгіленді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының бұйрығымен порттық құралдарын қорғауды бағалау бойынша жұмыстарды атқаратын және порттық құралдарын қорғау бойынша жоспарды жасайтын уәкілетті мекеме болып «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰҚ АҚ (Ақтау ХТСП) белгіленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Қазақстанда 3 теңіз порты жұмыс жасайды – Ақтау, Баутино және Құрық. Осы стратегиялық объектілер инфрақұрылымдарын қорғау мақсатында комитетпен 2017 жылы кемелерді және порттық құралдарды қорғау жөніндегі Халықаралық теңіз мекемесінің талаптарын имплементациялау бойынша жұмыстарды іске асырды.

Осыған сәйкес халықаралық рейстерді жасайтын ауыр жүк (500-ден астам регистрлік тонна) және жолаушылар кемелеріне қызмет көрсететін порттық құралдарын қорғауды бағалауда негізделген жоспар болу қажет. Осы жұмысты уәкілетті мекеме атқаратын болады.

Порттық құралдар қатарына кемелерге қызмет көрсететін және халықаралық рейстерді жасайтын теңіз терминалдары, сонымен қатар теңіз портының акваториясы, соның ішінде тұрақтар, күту орындары, теңіз портына кірістер жатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер