BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда машина жасау орталығы ашылады

2019 жылы Қазақстанда машина жасау орталығы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы автономдық кластерлік қордың жетекшісі Санжар Кеттебеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, орталықтың құны әлі анықталмаған. Бірақ алдын ала есептеулер бойынша бұл шамамен 10 миллион АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ жетекші трансұлттық корпорациялар стратегиялық серіктестер ретінде қажетті қаражаттың жартысын инвестициялайды.

«Орталық ТМК (тау-кен металлургиялық кешені - автор), мұнай-газ және аэроғарыш салалары үшін ұнтақтар өндірісін оқшаулауға мүмкіндік береді. Отандық компаниялар да оны құруға қызығушылық танытып жатыр. Себебі металл қоспасының құны шикізаттың құнынан 300 есе асуы мүмкін. Бизнес шикізатқа қарағанда өңделген өнімді экспорттау әлдеқайда тиімді екенін түсінеді. Дегенмен, оны шетелге сату үшін ол барлық стандартқа сай болуы керек. Орталықтың экожүйесі осы процестерді стандарттау және сертификаттау үшін қажетті базаны құруға мүмкіндік береді», - деді Санжар Кеттебеков.

Ол, сонымен қатар, салынатын орталықтың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Машина жасау орталығы біздің елде қажетті бөлшектерді шығаруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдейді. Орталық экспортқа арналған ұнтақты өндіруге ғана емес, негізінен машина жасаудың жаңа түрін дамытады», - деп түсіндірді АКҚ басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер