Астана, BAQ.KZ. Alstom концерні пайдалануы Баку‑Тбилиси‑Карс аймақтық теміржол қатынасында жүзеге асырылатын «Әзірбайжан темір жолы» компаниясына (ADY) Prima T8 «AZ8A» 40 жүк электровозының біріншісін жеткізуді жүзеге асырды.


Астана, BAQ.KZ. Alstom концерні пайдалануы Баку‑Тбилиси‑Карс аймақтық теміржол қатынасында жүзеге асырылатын «Әзірбайжан темір жолы» компаниясына (ADY) Prima T8 «AZ8A» 40 жүк электровозының біріншісін жеткізуді жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасында «Электровоз құрастыру зауыты» бірлескен кәсіпорнында өндірілген локомотиві 7 желтоқсанда Астана қаласынан жіберілгеннен кейін Биляжары, Әзірбайжанға келді. Alstom енді бірнеше ай бойы Әзірбайжан темір жолдар инфрақұрылымында валидациялық сынақтарына кіріседі.
«Біз стратегиялық серіктес ретінде ADY‑мен ынтымақтастықты жалғастыруға және Әзірбайжан Республикасына алғашқы жүк локомотивін жеткізуді жүзеге асыруға қуаныштымыз, бұл мемлекеттегі жүк тасымалдауына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі», - деп баяндады Alstom компаниясының Батыс және Орта Азия кластерін басқарушы директоры Бернард Пелль.
Alstom Prima локомотивінің ассортименті локомотивтік нарығының барлық сегменттерін қамтиды – ауыр салмақты, жүк және жолаушылар тасымалдауынан бастап, сондай‑ақ маневрлік немесе жол жұмыстарына дейін. AZ8A Әзірбайжан Республикасы үшін әзірленген Prima T8 ауыр салмақты локомотиві болып табылады. Оның құрылымы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында пайдаланылатын KZ8A локомотивтерінде негізделген, бірақ ADY техникалық талаптары ескеріледі және МЕМСТ нормалары мен талаптарына сәйкес келеді. Бүгінгі күнге 1990-шы жылдардан бастап бүкіл әлем бойынша 3,000‑ден астам Prima локомотиві (4,200‑дан астам секция) сатылған.
8 білікті Prima T8 локомотиві әлемдегі ең мықты электровоздардың біріне жатады. Екі секциядан тұратын бұл локомотив үлгісі оған орнатылған 8,8 мегаваттық қозғалтқыш қуатымен 9000 тоннаға дейін жететін жүкті тасымалдап, жылдамдығын 120 км/сағ дейін жеткізе алады. AZ8A локомотиві -25°C-ден +50°C-ге дейінгі температурада пайдалану үшін жасап шығарылған. Модульдік конструкциясы арқасында ол техникалық қызмет көрсетуді аз дәрежеде қажет етеді және де беріктік деңгейі өте жоғары әрі өмірлік қызмет ету циклінің құны төмен электровоз болып табылады.
ЭҚЗ – Alstom және Трансмашхолдинг (ТМХ) компанияларының бірлескен кәсіпорны. Кәсіпорында 440 қызметкер еңбек етеді.Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы – ҚТЖ-ның тапсырысы бойынша дайындап шығарылған Prima электровоздарын 2020 жылға дейін жеткізу және оған қызмет көрсету бағытында жұмыс жүргізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның теміржол жүйесінде KZ8A жүк локомотивтерінің 50 данасы және KZ4AT жолаушылар локомотивтерінің 20 данасы пайдалануға берілген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!