BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда құны 18 млрд теңгелік жаңа зауыт салынады

ОҚО-да қуаттылығы жоғары трансформатор шығаратын жаңа зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның даму банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құны 17,9 млрд тұратын жобаны ҚДМ қаржыландырады. Банк 12 жылға 8,7 млрд теңге несие береді. «ҚДМ-Лизинг» 4,7 млрд теңге және «Азия Трафо» (Alageum Electric-тің еншілес компаниясы) 4,5 млрд теңге өз қаражатынан инвестиция құяды.

«Жаңа зауыттың құрылысы қуаттылығы жоғары трансформатор шығаруда Alageum Electric-тің әлеуетін арттырады. Содан соң осы өнімге деген қазақстандықтардың жоғары сұранысын қанағаттандыра аламыз. Жоба іске қосылғаннан кейін ел нарығындағы қуаттылығы 110 кВ трансформаторға деген сұраныстың 70%-ының және 220 кВ трансформаторға сұраныстың 50%-ының орнын толтырады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өнімді негізінен электр желі компаниялары мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындары тұтынады.

«Зауыт іске қосылғаннан кейін Қазақстанда трансформаторлардың импорты 50-70% қысқарады. Оның үстіне жаңа қуаттылық зауыт өнімінің 50%-ын жақын жердегі нарыққа экспорттауға мүмкіндік береді. Жоба аясында 220 жұмыс орны ашылады», - деп хабарлады ҚБМ.

Зауыт 2018 жылдың ІІІ тоқсанында салынып бітеді. Компания 2022 жылға дейін жылына 100 трансформатор шығаруды көздеп отыр. Жоба ҚР 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер