BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда кокс химия өндірісін дамытамыз – Николай Радостовец Эксклюзив

Фото: metalmininginfo.kz

Елімізде көмір өнеркәсібінің потенциялы жоғары. Сондықтан көмірге бай қалалардың болашағы жоқ деп ойламау қажет. Бұл туралы "Тау-кен өндірісі мен металлургия кәсіпорындары" республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жақында Астанада тау-кен металлургиялық саласындағы 70-тен аса отандық компанияның басын қосқан «Қазақстандық өнім жасаймыз» форумы ұйымдастырылды. Жиында нарықтағы қазақстандық тауардың үлесін арттыру, энергия тиімділігін ұлғайту және жеткізілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету сынды мәселелер талқыланды. Форум кулуарында Николай Радостовец тау-кен өндірісі мен металлургия саласының ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып жатқанын атап өтті.

«Біз мұнайшылардан кейінгі екінші салық төлеуші болып саналамыз. Яғни тау-кен өнеркәсібі секторы бойынша. Біз өнімді өндіру көлемін арттыра береміз. Мысалы, көмір экспортының көлемін арттырдық. Яғни 4 млн тонна көмірді алыс шетелге шығардық. Бұл – үлкен жетістік», - деді ол.

Осы орайда Радостовец өткен айда болған көмір тапшылығына қатысты өз пікірін білдірді.

«Кейбір азаматтар «елімізде көмір аз, экспортты азайтайық» дейді. Қазақстан – көмірге өте бай. Бірақ биылғы күзде күн бірден суытты. Салдарынан көмір жеткізуде проблемалар туындады. Алып-сатарлар одан пайда тапты. Бірақ көмір өндірушілер қажетті өнім уақытында жеткізді. Тіпті көмірді өткен жылмен салыстырғанда көп өндірдік. Елімізде көмір тапшылығы болған жоқ», - деді атқарушы директоры.

Сонымен қатар ол алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Оның пікірінше, көмірге бай шаһарлардың әлі де болашағы бар.

«Менің ойымша, болашақта көмір ғана емес, шикізат өнімдерін жеткізу көлемін арттырып жатырмыз. Қазақстанда кокс химия саласын дамытамыз. Менің ойымша, елімізде көмір өнеркәсібінің потенциялы жоғары. Екібастұз және жалпы көмірге бай қалалардың болашағы жоқ деп ойламау қажет. Көмірге бай шаһарлардың әлі де болашағы бар», - деп түйіндеді сөзін Николай Радостовец.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер