BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда әктас шығаратын зауыт салынады 

Қазақстанда бельгиялық инвесторлар әктас шығаратын зауыт салады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Қарағанды блысында бой көтеретін зауыт жылына 300 мың тонна әктас шығарады деп жоспарланып отыр. Инвестицияның жалпы көлемі 55 млн долларды құрайды. Кәсіпорында 105 жұмыс орны құрылады.

«Қолданылатын технология арқылы жеңіл күйдіріліген және қатты күйдірілген әктас өндіру мүмкіндігі біздің жобаның инновациялылығы болып табылады», - деп атап өтті инвесторлар өкілі Вибаш Чаудхури.

Әктас өндірісі бойынша технология бастапқы шикізаттың сапасына қарамастан, байытылатын руданың кез-келген физикалық-химиялық талаптарына сай болатынын атап өтті. Белсенділігі жоғары әктас түрлі-түсті металл және қара металл алу бойынша технологиялық көрсеткіштерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Шығыс шикізат құрамында СО2 аз біртекті сапада болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер