BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда ферроқорыту зауыты салынады

Фото: Atameken Business Channel

Қарағанды қаласында өндірістік қуаты жылына 96 000 тонна ферросилиций өндіретін зауыттың бірінші кезегін салу мақсатында «YDD Corporation» ЖШС 11 жыл мерзіммен 24 млрд 120 млн теңгеге дейінгі сомада несие желісін ашты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жобаның жалпы құны 34 млрд 150 млн теңгені құрайды. Банк берген қаржыландыру ғимараттар мен құрылыстар салуды қоса алғанда, құрылыс-монтаж жұмыстарына, сондай-ақ жабдықтар сатып алуға және оларды монтаждауға жұмсалатын болады.

Өндірістік қуаты жылына 96 000 тонна болатын зауыттың бірінші кезегін 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр.

Шығарылатын өнім ферросилиций – болаттың әр алуан түрін балқыту үшін пайдаланылатын темір мен кремнийдің қорытпасы. Кәсіпорында өндірілетін ферросилицийдің негізгі көлемі экспортқа жіберіледі. Қазіргі кезде осы қорытпаны негізгі импорттаушы елдер Жапония, Оңтүстік Корея, Еуроодақ және АҚШ болып саналады.

«Жобаның бірінші сатысын енгізу Қазақстанның әлемдегі ең ірі 9 ферросилиций өндірушісінің қатарында болуына мүмкіндік береді. Болжам бойынша болаттың бағасы өссе, біздің өнімнің де бағасы көтеріледі. Екінші және үшінші сатылардың іске қосылуы, еліміздің ферросилиций экспорттаудан әлем бойынша бесінші орынға ие болуына мүмкіндік береді», - YDD Corporation директоры Ерлан Нығматулин

Оның айтуынша, құрылыс Қарағанды ЖЭО-3 станциясының жанында болады. Бұл электр энергиясының құнын төмендетеді. Және олардың өндіріс цикліндегі үлес 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, сол аймақта кварцит, әк және көмір кендері бар. Олар болашақ зауыт үшін шикізат болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер