Қазақстанда 2020-2024 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму тұжырымдамасы әзірленді  - Индустрияландыру|22 Тамыз 2018, 13:04
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда 2020-2024 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму тұжырымдамасы әзірленді 

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 2020-2024 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестциялар көлемі ағымдағы жылдың 6 айында 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,6% өсіп, 532,8 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі секторларында мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту ірі жобаларын іске асырғанның нәтижесінде мұнай өңдеуде инвестцииялық салымдар 11 есеге өсті. Сонымен қатар, елеулі өсім электр техникалық машина жасауда және азық-түлік өнімдері өндірісінде байқалады», - деді министр.

Жеңіс Қасымбек мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпорындарға жүйелі қолдау шараларын көрсетудің нәтижесінде жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және кеңейту жалғасуда.

«Биылғы 6 айда Индустрияландыру картасы аясында 187 млрд теңгеге жуық соманың 18 жобасы іске қосылып, 1,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында жалпы сомасы шамамен 1,1 трлн теңге болатын 100 жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Онда 12,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 2018 жылға жоспарланған маңызды жобалардың ішінде Алматы қаласында диаметрі үлкен дәнекерлеуші болат құбырларын өндіретін зауыт, Павлодар қаласында теміржолда қолданылатын доңғалақтар өндіру кешені, Қызылорда қаласында жалпақ шыны өндірісі зауытының құрылысы бар. Қорыта келгенде, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік жаңа жаһандық технологиялық трендтерді есепке ала отырып, 2020-2024 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму тұжырымдамасын әзірледі. Технологиялар трансфертіне және өңдеу өнеркәсібін цифрландыруға ерекше назар аударылатын болады», - деген ол индустриаландырудың үшінші бесжылдығының негізгі қағидалары мен тәсілдерін өнеркәсіптік даму комиссиясының отырысына шығаруды ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер