BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан-АҚШ тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қалаларына тікелей әуе рейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осы жұмыс аясында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінде (Вашингтон қаласында) екі тараптың қатысуымен келіссөздер өткізілді.

Келіссөздер барысында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ оны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер