BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Вьетнам жүк тасымалына екі ел теміржолын пайдаланбақ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев Дананг (Вьетнам) қаласындағы Теміржолы көлігі ынтымақтастығының (ТЖЫҰ) Бас директорлары ХХХIII теміржол Конференциясы отырысына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында ТЖЫҰ Комиссиясы 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын тыңдады. Оның ішінде жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым мен жылжымалы құрам жайы, ТЖЫҰ Тұрақты жұмыс тобының ақпараттандыру және кодтау, сонымен қатар қаржылық және есеп алмасу, кадр мәселелері қарастырылды.

Оның сыртында тараптар халықаралық тікелей теміржол бағдары туралы Конвенция жобасы мәтінін қабылдау бойынша Халықаралық үкіметаралық Конференция өткізу жайын, ТЖҰЫ-ға Корея Республикасының мүшелігін талқылады. 2017 жылы ТЖЫҰ атқарған жұмыс қорытындысының нәтижелерін, сонымен ТЖЫҰ 2019 жылға арналған Бағдарламасы бойынша есептерді тыңдады.

Конференция қатысушылары ТЖЫҰ Бағдарламасының орындалу барысына және үйлестірушілік роліне оң баға берді. Теміржол көлігі әкімшіліктерінің алдында тұрған міндеттемелері мен бизнес жоспарларын жүзеге асыруға ықпалын жоғары бағалады.

Қазіргі таңда ТЖЫҰ қызметі теміржол көлігі саласының тұрақты тапсырыс берушілерімен және серіктестерімен қызмет аясын кеңейтіп, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысын тереңдете түсуде.

Конференция отырысына ТЖЫҰ мүше елдерінің теміржол көлігі әкімшілігі басшыларымен, бақылаушы өкілдері, ТЖЫҰ комитеті мен теміржол кәсіпорындары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция отырысы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев «Вьетнам темір жолы» ММ бас директоры Ву Та Тунгпен кездесіп, көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыстарды атқару жайын келісті. Кездесуге вьетнамдық «RATRA Co.» көлік компаниясы, «Ханой тасымалдау компаниясы» басшылығы қатысты.

Тараптар 2017 жылы ақпанда қол қойылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ВТЖ» ММ арасындағы өзара серіктестік туралы Меморандумның орындалу барысын талқылады. Оның ішінде жүк тасымалына Вьетнам теңіз порттарын, Қытайдың Ляньюньган портының логистикалық терминалы, Вьетнам теміржол шекаралық өткелі Пинсян (ҚХР)-Донгданг (Вьетнам) Еуропа, Ресей, Орталық Азия елдері және кері бағытта тікелей контейнерлік пойыз ұйымдастыруды қамтамасыз ету жайын одан әрі дамытуға келісті.

Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев Қытай теміржолының бас директорының орынбасары Чень Чжунмен кездесті. Тараптар екі жақты қарым-қатынастың болашағын талқылады.

Тараптар отырыс барысында ҚР мен ВСР инфрақұрылымдарының жүк тасымалына қатысты мүмкіндіктерін таразылады. Оның ішінде вьетнамның теңіз порттары, қытайлық Ляньюньган портының логистикалық терминалын,

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портын пайдалану қарастырылды. Кездесуге ҚР Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі Б. Жұмаханов қатысты.

Отырыс қорытындысымен жұмыс тобының алғашқы отырысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер