BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Өзбекстан арасына қатынайтын әуе рейстердің саны көбейеді

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Өзбекстанның авиация әкімшілігінің және екі ел әуе компанияларының келіссөздерінің нәтижесінде әуе рейстерінің санын арттыру келісімне қол жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Эйр Астана» әуе компаниясы 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Өзбекстанға қатынайтын рейстердің санын көбейтуді жоспарлап отыр. Компания биылғы 2 желтоқсаннан бастап Алматы – Ташкент бағыты бойынша әуе рейсті аптасына 6-дан 7 рейске дейін жеткізеді. Енді, жексенбі күні де осы бағытқа бір рейс орындалады. Яғни, Алматы-Ташкент бағытына күнделікті ұшатын болады. Ал, 3 жетоқсаннан бастап Астана – Ташкент бағыты бойынша әуе рейсті аптасына 3-тен 4 рейске дейін жеткізеді. Бұл бағыт бойынша сенбі күні де ұшуға мүмкіндік болады" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Өзбек әуе желілері» әуе компаниясы Қазақстанға төмендегі бағыттар бойынша әуе рейстерін көбейтеді:

2017 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Ташкент – Алматы бағыты бойынша аптасына 6-дан 7 рейске дейін жеткізеді. Яғни, дүйсенбі күні де Ташкенттен Алматыға ұшып келу мүмкіндігі жасалады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың наурыз айынан бастап әуе рейсі Ташкент – Астана бағыты бойынша аптасына 3-тен 4 рейске дейін жеткізіледі. Ташкенттен Астанаға жексенбі күні де ұшып келуге болады.

"Нәтижесінде, елдер арасындағы ұшулардың жалпы саны аптасына 22 рейске жетеді. Осылайша, жолаушылар Алматыдан Ташкентке күніне екі рет және Астанадан күн сайын ұша алатын болады. Болашақта Самарқанд, Бұхара және Үргеніш қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр" - дейді мамандар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер