BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан индустриялды аймақтарды БАӘ компанияларының басқаруына беруге дайын

Фото: фейсбуктегі парақшасынан

Қазақстан БАӘ-нің индустриялды аймақтарын дамыту саласындағы бай тәжірибесіне мүдделі және сондай аймақтарды әмірлік компанияларының басқаруына беруге дайын. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ-ге сапары аясында әмірліктің жетекші компания басшыларымен болған кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшсында Н.Назарбаевтың БАӘ-ге сапары аясында өткен кездесулер мен қол қойылған құжаттарға тоқталған.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында әмірліктің жетекші компания басшыларының кездесуіне қатыстым. Қазақстан Президенті өз сөзінде БАӘ Таяу Шығыстағы біздің елдердің маңызды серіктесі екенін атап өтті және әмірлік компанияларын индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырды. Қазақстан БАӘ-нің индустриалды аймақтарын дамыту саласындағы бай тәжірибесіне мүдделі және сондай аймақтарды әмірлік компанияларының басқаруына беруге дайын.

Сонымен бірге, БАӘ Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан аль-Джабермен бірлесіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Біріккен Араб Әмірліктері үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысын өткіздік.

Отырыс барысында БАӘ Экономика министрлігімен туризм саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға, сондай-ақ БАӘ жерүсті және су көлігі федералдық агенттігі арасында жолаушылар мен жүктердің халықаралық автокөлік тасымалы туралы Меморандумға қол қойылды.

Әріптестерімізбен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, ауыл шаруашылық мәселелерін талқыладық. Араб Әмірлігіне қазақстандық тауарларды және ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау жұмысын жолға қоюды көздеп отырмыз», - деп жазған министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер