BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан фосфорит ұнтағының алғашқы миллионыншы тоннасын өндірді

Қазақстандағы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС фосфорит ұнтағын өндіруге арналған жоба іске қосылғалы бері алғашқы бір миллион тоннасын өндірді, деп хабарлайды, Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің жобаның бірінші кезеңі табысты аяқталып, фосфорит ұнтағын өндіру және бастапқы қайта өңдеу жөніндегі жобалық қуаттылыққа шықтық. Химиялық кешенді салуға арналған инвестициялық жобаның екінші кезеңі жоспарланған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылып жатыр», - дейді «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Владимирович Валышев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қолданыстық жобалау жұмыстары атқарылып (жұмыстың 50%-ы орындалған), Химиялық кешен салынатын алаңды дайындау мақсатында жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жабдық жеткізушілерді таңдау мақсатында тендерлік іс-шаралар ұйымдастырылып, жабдықты жеткізу жөнінде шарт жасасу бағытында жұмыс жасалып жатыр. Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға 130 млн АҚШ доллары болатын инвестиция құйылған.

Осыған дейін хабарланғандай, «ЕуроХим» компаниясы «Минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауытты салу және Қазақстан Республикасындағы Қаратау фосфорит алабының кенорындарын игеру» бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып келеді. Құрылыстың бірінші кезеңі 2015 жылдың соңында аяқталды, Ал 2016 жылы Қазақстандағы ЕуроХим кәсіпорындары жылына 640 мың тонна фосфорит ұнтағын өндіретін жобалық қуаттылығын көрсетті.

Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру кезінде 126 млн АҚШ долларына тең инвестиция құйылды. Жаңатас қаласындағы химиялық кешенге құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 750 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, «ЕуроХим» компаниясы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құюды жалғастырып, бүгінгі күні осы мақсатқа 21 млн АҚШ долларын бағыттаған.

«ЕуроХим-Қаратау» ЖШС 2018 жылдың 18 қаңтарында қайта тіркеуден өтіп, енді ресейлік «ЕуроХим МХК» АҚ компаниясының Қазақстандағы еншілес кәсіпорны атанды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер