BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан баламалы энергия көздерін өндіруге көп көңіл бөліп отыр – Бақытжан Жоламанов

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы 2030 жылы баламалы энегрияның үлесі 30 пайызға дейін жету керек деген тапсырма қойып отыр. Бұл бағытта біз кешенді жұмыстар атқарудамыз. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов күн және жел электр станцияларының салтанатты ашылуы кезінде айтты.

Басқарма төрағасыынң айтуынша, қазір Қазақстан баламалы энергия көздерін өндіруге көп көңіл бөліп отыр.

«Елбасы 2030 жылы баламалы энегрияның үлесі 30 пайызға дейін жеткізу керек деген тапсырма қойып отыр. Бұл бағытта «Самұрық-Энерго» АҚ жұмыстар атқаруда. Бүгінгі екі станцияның өнімін Алматы мен Алматы облысының тұрғындары тұтынатын болады. Көрші Қытай елі күн энергиясын қолдану бойынша әлемде көш бастап тұр және жыл сайын оны дамытуға 1 млрд доллар салып келеді. Сондай-ақ бұл станциялар ҚР Бірінші президенті күніне қарай ашылып отырғаны біз үшін қуанышты жағдай», -дейді Б.Жоламанов.

Нысандарды құруға «CITIC Construction Co, Ltd» компаниясы бас мердігер болған. Ол Қытайдың «жасыл» энергетика саласында кешенді қызмет көрсететін аса ірі мемлекеттік инвестициялық корпорацияларының бірі болып табылады.

Аталған компанияның Шығыс Еуропа және ТМД Департаментінің Бас директоры Ли Цзяньхуэй жиын барысында екі жақты күштің арқасында бұл станцияларды бір жыл шамасында уақытынан бұрын сәтті аяқтағанын жеткізді.

«Жақында тапсырыс беруші тарап пен Қытай елі үкіметінің қатысуымен бұл станцияларды сынақтан өткізіп, оның жұмыс істеуге дайын екендігін көрсеттік. Баламалы энергия көздерін дамыту жолындағы біздің ынтымақтастығымыз ары қарай дами береді деген ойдамын», -дейді ол.

Күші 1 МВт болатын күн энергия станциясы 1 гектар жерді алып жатыр. Станция екі типті, яғни еңкею бұрышы бекітілмелі және күн жарығына қарай реттеліп отыратын металл конструкция орнатылған, ол 3608 фото электр модульдерден тұрады. Бұдан шыққан энергия «Алатау жарық компаниясы» АҚ-на жеткізіледі екен. Қарапайым тілмен айтатын болсақ бұл станция шамамен 300-ге жуық жеке үйді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ете алады.

«Күн және жел электр станцияларын Қытай халық республикасы екі ел арасындағы келісім бойынша тегін салып берді. Күн электр станциясында өндірілген энергия жылына 1 млн кВт сағатты құрайды, ал Жел электр станциясы 17 млн кВт шамасында энергия өндіреді деп отырмыз. Қазір әр станцияда 3 оператордан жұмыс істеуде. Бұл станцияның барлығы Қытайда өндіріліп, сонда жасалған», - дейді «Самұрық-Энерго» компаниясының экономисті Ерсайын Ержан.

Мамандардың пайымдауынша, Күн электр станциясы кемінде 25 жыл, ал Жел электр станциясы 30 жылдан астам қызмет көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер