BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«KazakhInvest» АҚ өкілдері мен оңтүстіккореялық инвесторлар кездеседі

Ақпан айында Астанада Оңтүстік Кореядан келген инвесторлармен кездесу өтеді. Іс-шарада елдегі бизнесті жүргізу жағдайын жақсартудың өзекті мәселелері қаралады. Бұл жөнінде «KazakhInvest» АҚ Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Қазақстандағы Корея Республикасының Елшісі Ким Дэсик Астанада өткен кездесу кезінде келісті.

Бұдан бөлек, көктемде екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты белсендіру мақсатында Сеулде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі өтеді. «KazakhInvest» басымдыққа ие инвестициялық жобаларды, қабылданған Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес қолдау құралдарын, соның ішінде ұлттық компания тарапынан заңнамалық және әкімшілік қолдау шараларын ұсынады.

Өз кезегінде Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі іскерлік кеңес отырысына біздің елге инвестиция салуға мүдделі Оңтүстік Кореяның перспективалы компанияларын шақыруға көмектеседі, деді Елші Ким Дэсик.

Кездесу барысында Сапарбек Тұяқбаев пен Ким Дэсик мұнай-химия, медицина, ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.

Бірлескен әлеуетті жобалардың бірі – Атырау облысында бірлескен газ-химия кешенін салу. Аталған жобаны іске асыруға Оңтүстік Кореяда 18 жеке зауыттан тұратын және шетелде 52 филиалы бар, ірі көлемді энергетикалық және мұнай-химия зауытын басқаратын «Hanwha Total Petrochemical» компаниясы қызығушылық танытты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер