BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Инвесторларға пірәндік беру керек – Сағынтаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев шетелдік инвесторларды Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, инвесторларды елімізге тарту үшін пірәндік беру қажет.

«Жаңғыруға цифрландыру арқылы барамыз десек, онда біздің инвесторларға қызықты болуы үшін пірәндік беру керек. Оған қоса, сол секторға келгені үшін де пірәндік болуы қажет. Бұл пірәндікті біз заңнамамызда жаздық. Қазіргі уақытта ол Парламентте қаралуда. Бұл – жаңа салық кодексі, еркін аймақтар және индустриялды аймақтар. Яғни, сіздер жұмыс істейтін салаларда қызықты болуы үшін пірәндік алуларыңыз қажет. Сіздердің қай елге баруды таңдайтын мүмкіндіктеріңіз бар. Бірақ, сіздердің бізге келгендеріңізді қалаймыз», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев елімізде инвесторлар үшін тиімді жағдайлар жасалып жатқанын айтты. Осы орайда ол Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексті мысалға келтірді.

«Онда қорларды есептеудің халықаралық жүйесі енгізіліп, геологиялық ақпараттарға еркін ену қамтамасыз етіледі. Қабылданған шаралар жер қойнауын пайдалану құқығын беру мерзімін қатты пайдалы қазбалар бойынша 18 айдан 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бизнесті дамыту үшін айтарлықтай серпін беретін жаңа Кеден кодексі әзірленді», - деді ол.

Сөз соңында Бақытжан Сағынтаев аталған заң жобаларын алдағы уақытта парламент мақұлдап, Мемлекет басшысынының қол қоюына жіберілетіндігіне үмітті екендігін жеткізді. Оның пікірінше, аталған заң жобалары 2018 жылы күшіне енуі мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер