BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Индустрияландырудың алғашқы 7 жылында жалпы ішкі өнім үш есе артты

Қазақстанда индустрияландыру қолға алынғалы 15 жылдың жүзі болды. Бұл – жүз мыңдаған жұмыс орынын қамтыған мыңдаған кәсіпорынның ашылуына мүмкіндік берді. Осы 15 жылдың алғашқы 7 жылында Қазақстанның ЖІӨ-і үш есеге өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2003 жылы Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Елімізде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның «Ұлттық қор», «Қазақстан даму банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор» қатарлы мамандандырылған институттары құрылды.

2009 жылдың мамыр айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың бесжылдығы басталғанын жариялады. Бұл әлемдік қаржылық дағдарысқа қарсы бірден-бір шешуші қадам еді. Негізгі бағыты шикізаттық болса да, Қазақстан инвестиция үшін қолайлы өңдеу өнеркәсібін қалыптастырды.

Соның нәтижесінде 2010 жылдан бері өңдеу секторына 26 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланды.

Тікелей шетелдік инвестициялардың әрбір бесінші доллары өңдеу саласына жұмсалды.

Экономикалық серпілістің негізінде Қазақстан ЖІӨ-ні үш есеге артып, 2009 жылы - 17-ден 46,9 трлн теңгеге, өнеркәсіп екі еседен астам (9,1-ден 19 трлн теңгеге) артты. Өңдеуші кәсіпорындар саны 188,8-ден 236,1 мыңға жетіп, инновациялық өнім өндірісі бес есеге 82,6-дан 445,8 млрд теңгеге өсті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер