BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Индустрияландыру алтын-валюта қорын ұлғайтуға қалай үлес қосады

Индустрияландыру бағдарламасы металлургияда, оның ішінде, алтын, алюминий өндірісін дамытуға жағдай жасады. Бұл жайлы Baq.kz ақпарат агенттігінің арнайы сауалына жауап берген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева мәлімдеді.

«Қазақстанда бұрын соңды шығарылмаған титан құймаларының өндірісі Өскемен титан-магний зауытында шығарыла бастады. Әлемге танымал «Airbus» компаниясының Қазақстанда өндірілетін титанға деген сұранысы 15%-ды қамтиды. 2015 жылы POSCO Оңтүстік Корея компаниясымен бірлесіп атқаратын титан слябтары өндірісі іске қосылды» - дейді Комитет төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол, қазіргі кезде еліміз алтын өндірумен шектелмей, алтын құймасын қорытуға көшкендігін айтады.

«Биыл осы бағыттағы тағы бір жоба қолға алынды. Бұл - Акмола облысындағы алтын өндірісінің техногендік минералдық қалдықтарын қайта өңдеп, одан 7000 кг Доре құймасын шығаратын зауыт. Бұл жоба арқылы дайындалған алтын Қазақстанның алтын-валюталық қорын толықтыруға үлес қосады» - дейді Лариса Жұмағалиева.

Оның айтуына қарағанда еліміз индустрияландыру бойынша алтын ғана өндіріп отырған жоқ.

«Биыл легирленген алюминий шығарыла бастады. Жаңа өндірістен автокөліктің алюминий дискілерін шығару қолға алынды. Бұл жерде тіпті алюминий кластері де қалыптасып келеді. Тағы бір ерекше жоба – бұл Қарағанды облысындағы «Recycling company» кәсіпорнының қолданыстан шыққан автокөліктерді қайта өңдеп, одан қара және түрлі-түсті металл, мазут шығару жобасы. Ең бастысы, осы жаңа өндірістердің арқасында жаңа жұмыс орындары құрылды» - дейді Лариса Жұмағалиева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер