BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Индустрияландыру кезеңінде жалпы көлемі 5,5 трлн теңгенің 1090 жобасы іске қосылған

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігінің арнайы сауалына жауап берген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева мәлімдеді.

«Индустрияландыру жылдарында (2010-2016 жж. және 2017 жылдың 10 айы) жалпы көлемі 5,5 трлн теңгеден астам соманың 1090 жобасы іске қосылып, 102 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылдың соңына қарай жалпы сомасы 700 млрд теңгеден асатын 70-тен астам жобаны аяқтау жоспарланып отыр», - дейді Лариса Жұмағалиева.

Оның айтуына қарағанда алдағы жылы 1 трлн теңге тұратын 150 жоба іске қосылатын болады.

«2018 жылы 1 трлн теңгенің 150 жобасын іске қосу жоспарланған. Онда 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Өнімі еселеніп, табысы артып келе жатқан металлургия мен тамақ өнеркәсібі салаларына жаңадан тағы 26 сала қосылды. Атап айтқанда: автоөнеркәсіп, теміржол, машина жасау, титан өнеркәсібі, медициналық техника және құрал-жабдықтар өндірісі, күн, жел энергетикасы және тағы да басқа салалар», - дейді Комитет төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, Лариса Жұмағалиева елімізде бұған дейін қолға алынбаған салалардың да индустрияландыруға ілінгенін айтады.

«Қазақстанда бұған дейін қолға алынбаған жүк және жолаушылар вагоны, электровоз, жүк және жеңіл автокөліктер, автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратуралары, титан құймалары, дәрі-дәрмектер және тағы басқа да 500-ден астам жаңа өнім түрлері шығарыла бастады», - дейді Лариса Жұмағалиева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер