BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Игерілмеген жерлер мемлекет пайдасына қайтарылуда 

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасының бірлескен жиынында талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қала әкімінің айтуынша, қазірдің өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мың жер телімінің бар екені анықталған, оның 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілген, үш учаске ерікті түрде мемлекет пайдасына қайтарылған. Сондай-ақ уақытша пайдалану мерзімі біткен жалға берліген жерлерге тексеру жүргізу басталған. Бүгінгі күні прокурорлар жалақысын төлемей келген 34 жер телімін анықтапты. Енді бұл жерлер мемлекеттік қорға қайтарылмақ.

Алқа отырысында қала прокуроры Берік Жүйріктаев соңғы екі жыл ішінде мегаполистің инфрақұрылымын дамыту және жол айрықтары мен жолдар салу мақсатында 300-ден астам жер телімдерінің қайтарылғанын хабарлады. Жүргізілген тексеру барысында құжаттардың қолдан жасалғандығы, жер бағасының негізссіз көтерілгені анықталған. Осындай заңсыз іс- әрекеттердің салдарынан мемлекетке келген шығын 2,5 млрд теңгені құраған, прокуратура жүргізген шаралар арқасында 1,5 млрд теңге шығынның орны толған.

«Бұл салада түрлі құйтырқылар жасалады. Нысанның әрбір иесі компенсация бағасын көтерудің түрлі жолдарын іздестіреді. Олар үшін ең қолайлысы жалған құжаттар мен бағаны көтеру. Қылмыскерлер барлық құжаттарды – жергілікті органдардың шешімдерін, техпаспортты, нысанды іске қосу актісін қолдан жасайды. Біз жалған құжаттардың 14 фактісін анықтадық, бұлардан келетін шығын 2 млрд. теңгені құрайды. Бұларға қатысты қылмысты іс қозғалды, шығынның орнын толтыру шаралары жүзеге асуда», - деді Б. Жүйріктаев.

Ол өзінің сөзінде қазіргі кезде прокуратура тарапынан бағалаушылардың берген қорытындысына салыстырмалы сараптама жүргізілгенін және келеңсіз фактілердің анықталғанын айтты. Құжаттарды қайта тексеру кезінде істі сотта қарауға басымдық беріледі. Бүгінгі күні сотта қаралған 5 объектінің алғашқы құны 500 млн теңгеге төмендеген. Қарсылық білдірілген 12 іс қаралуда, олардың бағасы 300 млн теңгегег төмендейді деп күтілуде.
Қалалық прокуратураның мәліметі бойынша жалға беру мерзімі өтіп кеткен жерлерге қатысты келеңсіз фактілерге орын берілген. Соңғы 10 жыл ішінде уақытша пайдалануға жалпы көлемі 3,7 мың гектар болатын 18 мың жер телімі берілген, оның ішінде облысқа тиесілі жерлер де бар. Адамдар жалға беру мерзімі өтіп кетсе де жерді пайдалнып келген әрі оны ұзартуға еш әрекет етпеген. Соның салдарынан бюджетке жал ақысы ретінде ешқандай қаржы түспеген.

Жалпы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша қазіргі кезде Алматыда игерілмеген жер телімдеріне 10 дүркін салық салу жұмыстары қолға алынған.

«Мысалы, көппәтерлі үй салынуы тиіс 43,9 га жер учаскесіне 10 дүркін салық салынса, оның көлемі 120 млн. теңгені құрайтын болады», - дейді қадағалаушы органдағылар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер