BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Германиялық инвесторлар Алматы облысында 40 сорғы қондырғысын шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. «Wilo Central Asia» энерго тиімді сорғылар өндіретін зауыт іске қосылған сәттен бастап әртүрлі қуаттылықтарда 40 түрлі сорғы қондырғылары өндірілді және сатылды.

Инвесторлар атап өткнедей, зауыттың жоспарланған өндірістік қуаты жылына 200 бірлік.

Қазіргі уақытта СТ-КЗ сертификациясы бойынша барлық талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сорғы жабдығын өндіру бағдарламасын және компоненттердің құзыретті жеткізушілерін іріктеу мен іздестіруге арналған тетігінің белсенді әзірлеуі жүргізілуде.

Зауыттың іске қосылуы арқасында Алматы облысында 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Технологиялық үдеріс деректерді беру негізінде инновациялық WiloCare пакетін қолданады, ол сорғылар мен жүйелердің жұмысын үнемі бақылауға, техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және оларды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«Kazakh Invest» компаниясы шетелдік инвесторға компания өнімдердін сертификаттауды ұйымдастыруға көмек көрсетті.

WILO SE әлемдік деңгейдегі премиум-класс сорғыларын және инженерлік жүйелерге, сумен жабдықтау жүйелеріне, су тарту жүйелеріне және өнеркәсіпке арналған сорғы жабдықтарының жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер