BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Энергетика саласын жаңғыртудың мүмкіндіктері зор – профессор

Фото: Автор

Соңғы 3 жылда біздің ғалымдармен 100-ге жуық ғылыми-техникалық жобалар жүзеге асты. Бұл туралы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, профессор Сәуле Сағынтаева Халықаралық ғылыми-техникалық конференция барысында айтты.

Ректор осы жылы университет базасында «Киберқауіпсіздік технологиясы» бойынша халықаралық зерттеу лабораториясы ашылғандығын және ғалымдардың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

«Университеттің ғалымдары мен инженерлері Тараз және Талдықорған қалаларын жылумен жабдықтауда автоматтандырылған жүйе жасап және Атырау мен Павлодар мұнайөңдеу зауыттары және «Қарашығанақ-Петролеум» компаниясына автоматтандырылған басқару жүйесін жасауда тапсырыс берушілердің жоғары бағасына ие болды», -дейді С.Сағынтаева.

Сонмен қатар ол, университеттің даму ғылымындағы айрықша вектор ол – балама энергетикасы екенін айтты. Қазір білім ошағында «Жаңғыртылатын энергия көздері мен энергия үнемдеудегі жаңа технологиялар» орталығы жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ «Балама жаңғыртылатын энергия көздері» ғылыми зертханасы құрылған.

«Өнімді инновацияны ынталандыру» жобасын іске асыру аясында университет «KEGOC» АҚ, «АлатауЖарықКомпаниясы» АҚ, «Атырау-Жарық» АҚ, «Энергетика жүйесін автоматтандыру институты» және «ҚазНИПИИТЭС Энергия» АҚ-мен өндірістік саланың бірлестігіне кіріп, қазір «Қазақстанның энергетика саласын технологиялық жаңғырту мен инновациялық дамыту» жобасын орындауда. Бұл жоба 3 жылға есептелген әрі оның қаржыландыру сомасы 430 млн теңгені құрайды. Энергетика саласын жаңғыртудың мүмкіндіктері зор. Энергетика жоғары технологиялық сала бола түсуде, өйткені инновациялық технология мен интеллектуальды цифрлы шешімдер энергияны үнемдеу мәселесін шешуге, электр желілерінің сенімділігін арттыруға, компаниялардың шығынын төмендетуге және Қазақстанның электр станцияларын бақылап, мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндік беруде. Осы тапсырмаларды шешу үшін университет энергетикалық желілерді цифрландыру бойынша «KEGOC» АҚ компаниясының тапсырысымен 192 млн теңге сомасындағы екі жұмысты атқаруда», -дейді ректор.

Сонымен қатар ол, қазір білім мен ғылым саласындағы QS, Green Metrix әлемдік рейтингіне кіру үшін қарқынды жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

«Соңғы 3 жылда біздің ғалымдармен 100-ге жуық ғылыми-техникалық жобалар жүзеге асты, 60-тан аса патент алынды, 1500 жуық ғылыми мақала жарияланды, оның 166-сы Scopus и Web of Science басылымында шықты», -дейді С. Сағынтаева.

Х Халықаралық ғылыми-техникалық конференция аталған университеттің тұңғыш ректоры Ғұмарбек Даукеевті еске алуға арналған.

Екі күнге жалғасатын конференцияда өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік, жылу және электрэнергетика, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, ғарыштық инженерия, радиотехника, электроника және телекоммуникация, автоматика, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік жүйелері талқыланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер