Елордада су және кәріз құбырларының 30% тозған – «Астана су арнасы» - Индустрияландыру|18 Қыркүйек 2018, 14:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордада су және кәріз құбырларының 30% тозған – «Астана су арнасы»

Астанада су және кәріз құбырларының 30% ескірген. Олар жөндеуді талап етеді. Бұл туралы «Астана су арнасы» МКК бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Эльдар Асқаров мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда қаладағы су және кәріз құбырларының 30% тозған. Оларды жөндеу қажет. Осы орайда бізде инвестициялық бағдарлама жұмыс істейді. Аталған бағдарлама аясында су және кәріз желілері жөнделеді. Сондай-ақ технология да жаңартылады. Егер бұрын 70 жылдары шығарылған ескі құралдар пайдаланылса, оларды жаңарту арқылы электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік алдық. Осылайша, электр энергиясына кететін шығынның 10% үнемдейтін болдық », - дейді басшы «Астана су арнасы» МКК нысандарына пресс-тур кезінде.

Оның айтуынша, тозған энергетикалық жабдықтарды жаңартуға, аталған салаға автоматтандыру жүйесін енгізуге, ССС және КСС насос жабдықтарын ауыстыруға, су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеуге 6,5 млрд теңге қажет екен.

«2016 жылдан бастап, біздің мекеме құны 6,5 млрд теңгені құрайтын 2016-2020 жылдарға арналған инвестциялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған жоба аясында жыл сайын 1,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы тозығы жеткен құбырларды жөндеуге, ССС және КСС насос жабдықтарын ауыстырға, су және кәріз жүйелерін жөндеуге, жаңа құралдарды сатып алуға жұмсалады», - деді ол.

Осы орайда Эльдар Асқаров аталған бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бүгін біз Гейдар Әлиев көшесінде болдық. Бұл проблемалы аумақ болып саналатын. Бұл мәселені шештік. Қазіргі таңда 300 метр кәріз құбыры жаңартылды. Ал қалған 500 метр кәріз құбырын алдағы уақытта салып бітіреміз. Инвестициялық бағдарлама аясында жұмыстарды осы жылдың қараша айында толығымен аяқтаймыз», - деп түйіндеді сөзін Эльдар Асқаров.

Cонымен қатар «Астана су арнасы» МКК Кәріздендіру қызметінің басшысы Қуаныш Сұлтанбаев инвестициялық бағдаралама аясында №44 насос станциясы күрделі жөндеуден өткенін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер