BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екібастұзда қысқы дизель өндіретін болды

Фото: Автор

Желтоқсан айының екінші жартысында Екібастұз қаласының ауылдық аймағында қысқы дизель өндіретін зауыт іске қосылады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Бұл туралы бүгін Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов мәлімдеді. Шаһар басшысының айтуынша, жаңа жобаға астаналық кәсіпкер инвестиция құйған.

«Инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңге. Кәсіпорын Шідерті ауылында бой көтереді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 30 мың тонна болады деген болжам бар. Жаңа ошақта 30 жұмыс орны ашылады», - дейді Қайрат Нүкенов.

Сала мамандарының айтуынша, зауыттың өндірістік технологиясы бірегей. Еліміздің өзге өңірлерінде осы тектес кәсіпорын жоқ. Жаңа зауытта -55 градустық аязда қатпайтын, яғни арктикалық отын өндіріледі. Сонымен қатар, сұйытылған газ бен АИ-72, АИ-76 маркалы бензин шығаруға мүмкіндік тумақ. Осының арқасында ішкі нарықтың жанар-жағармайға деген сұранысын қамтамасыз етуге оң сепетігін тигізбек. Себебі, бүгінде арктикалық маркалы отын көбінесе көршілес Ресейден тасымалданады.

Қысқы дизельді көбенесе тау-кен ошақтары пайдаланады. Осыны қаперге алған мамандар зауытты Бозшакөл кен байыту комбинатына жақын жерде тұрғызуды жөн санаған. Зауыт өнімінің денін осы кәсіпорын тұтынады деп күтілуде.

Бүгінде мұнай базасының негізгі құрал-жабдықтары монтаждалды. Сонымен қатар, әкімшілік-шаруашылық ғимаратының құрылысы аяқталды. Зауыт директоры Ержігіт Мұратовтың мәліметінше, шикізат жергілікті мұнай-химия зауытынан тасымалданады.

Қазіргі уақытта зауыт аумағында дайын өнімді сақтауға арналған 27 резервуар орнатылған.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер