BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екібастұз өңіріндегі көмір кеніші жаңғырту бағдарламасын табысты аяқтады

Екібастұз өңіріндегі «Богатырь Көмір» кеніші роторлы экскаваторды жаңғырту бағдарламасын табысты аяқтады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Компанияның техникалық қайта жабдықтау үдерісін жаңғырту бағдарламасы осыдан сегіз жыл бұрын бастау алған. Енді роторлы экскаваторлар алдағы 10 жылда үздіксіз жұмыс істеуге қауқарлы болмақ. Мамандардың сөзіне сенсек, осы тектес машинаның әлемдік нарықтағы құны 55 млн. еуроны құрайды.

«СРс(К)-2000 роторлық экскаваторын жаңарту бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаны аяқтадық. Компания оны толықтай іске асыру үшін қомақты қаражат жұмсады. Мәселен, № 2147 экскаваторының техникалық жаңартуына ғана 3 млрд. теңге жұмсалды. Жаңарту мен күрделі жөндеу машинаның техникалық сенімділігін айтарлықтай арттырды. Машина аппаратына климаттық бақылау ауа баптағышы орнатылды. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің еңбек ету жағдайларын жақсартты. Сонымен қатар, жабдықтардың жұмысын автоматты бақылау жүйесі кеншілердің еңбектерін едәуір жеңілдетті», - дейді көмір кенішінің перспективалық даму жөніндегі техникалық директордың орынбасары Ғалымбек Іргебаев.

Бұл роторлық экскаваторлар кеніштегі ең күшті тау-кен қазушы машина болып табылады. Оның биіктігі шамамен - 41 метрді, ал салмағы - 2 тоннадан астам. Машинаның көмегімен сағатына 4500 тонна көмірді шығаруға қабілетті. Компания мамандарының есебінше, бұл экскаваторды жаңарту аясында орындалған фазалық роторы бар генераторлар мен электрқозғалтқыштарды жиілік түрлендіргішке ауыстыру машинаға техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындарды барынша төмендетеді.

«Бұл кеніште еңбек еткеніме 30 жылдан асты. Жаңғырту жұмыстары керек болды. Себебі, бір экскаваторды 25 жыл қолдануға болады. Ал біз 27 жыл бойы үздіксіз пайдаландық. Енді жаңа машинада жұмыс істейтін болдық», - дейді кеніш машинисі Анатолий Емец.

Айта кетейік, көмір кенішіне Екібастұз көмір бассейнінің өндірілетін көмірінің 40%-ы, еліміз бойынша өндірілетін көмір көлемінің 60%-ы тиесілі. Бұл - компания әлем бойынша ашық тәсілмен көмір өндіретін ірі кәсіпорынның бірі. Биыл бұл кеніш тұтынушыларға 33,9 млн. тонна қара алтынды тасымалдамақ. Биылғы жылдың 10 айы ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС көмір артудың көлемі 32,7 млн. тоннаны құрады, бұл былтырға қарағанда 20 пайызға жоғары.

Фото автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер