Бозымбаев: Дизель отынын көрші елдерге заңсыз жөнелту фактілері тіркелуде  - Индустрияландыру|26 Желтоқсан 2018, 17:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бозымбаев: Дизель отынын көрші елдерге заңсыз жөнелту фактілері тіркелуде 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Шекара аумағында дизель отынын көрші елдерге жөнелту фактілері тіркеліп отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Мұнайды өңдеу саласында мұнай өңдеу зауыттарының жаңартылуы аяқталды. Өздеріңіз білетіндей, жаңарту жұмыстары 2010 жылы басталған болатын. Нәтижесінде, отандық жанар-жағармай саласында К-4, К-5 сапасы 100 процентке қамтылды. Бұл реттен бензин және дизель отынымен жүретін көліктер түтінінің атмосфераға, экологияға зияны азайды. Сонымен қатар, дизельдің бағасын ұстап тұру бойынша нарықта тапшылық орын алмау үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Ресей мен Қырғызстан шекараларындағы бақылау күшейтіледі. Қазірдің өзінде шекара аумағында дизель отынын көрші елдерге жөнелту фактілері тіркеліп отыр. Сол себепті, осындай жағдайдың алдын алу мақсатында тиісті бұйрық жақын уақытта қабылданады», - деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Атырау мұнай-газ зауыты жаңартылған соң, экспортқа бағдарланған бензол және параксслол шығару басталып, осы жылы 14 мың тонна өндірілген. Алдағы жылы 600 мың тонна өндіру жоспарланып отыр.

«Автокөлік саласында мұнай битумы ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп, өндіріс 822 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 112 процентке жетіп отыр. Екі жылда битум өндіру өсімі екі есе ұлғайды. Осы жылы Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға битум экспорты 65 мың тоннаны құрады», - деді министр.

Сонымен қатар, Бозымбаев 2018 жылы еліміздегі газ өндірісі өскенін, алдағы жылдары Қарашығанаққа 5 млрд доллар инвестициял тартылатынын және биыл елді мекендерді газдандыру бойынша қанша жоба іске асырылғанын айтқан болатын. Мұнан бөлек министр төртінші мұнай өңдеуші зауыт құрылысы жайында айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер