BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Елбасының қатысуымен өтетін «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір аясында бірнеше индустриялық жоба іске қосылады.

Сонымен қатар іс-шара барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын сапа», «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді.

Телекөпірге Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысады.

Айта кетейік, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында елімізде 6 триллион теңгеге мыңнан аса кәсіпорын ашылып, 100 мың жұмыс орны құрылды. 2010 жылы бастау алған бұл жоба экономикамызды едәуір ілгерілетуге серпін бергендіктен, 2015 жылдан бастап екінші бесжылдықта жалғасын тапты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер