2018 жылы елді мекендерді газдандыру бойынша 46 жоба іске асырылған  - Индустрияландыру|26 Желтоқсан 2018, 14:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2018 жылы елді мекендерді газдандыру бойынша 46 жоба іске асырылған 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елді мекендерді газдандыру бойынша 2018 жылы 21 млрд теңгеге 46 жоба іске асырылды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Осы жылдың маусым айында Атырау облысында қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын құны 2,6 млрд АҚШ доллары тұратын полипропиленді өндіру бойынша ірі жобаның құрылысы басталды. Қазіргі таңда, құрылыс кезеңінде 900 жұмыс орны ашылса, белсенді құрылыс жұмыстары кезінде бұл көрсеткіш 3 мың жұмыс орнына дейін өседі. Аталған жоба 2021 жылы толық іске қосылған соң, онда тұрақты 500 адам жұмыс жасайтын болады», - деді Бозымбаев.

Министр Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» арқасында өңіраралық «Сарыарқа» жобасының құрылысы басталғанын атап өтті. Құрылыс кезеңінде 800 жұмыс орны, ал пайдалануға берілген кезеңде 225 жұмыс орны құрылатын болады.

«2020 жылы жоба жүзеге асырылған кезде Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының 142 мың тұрғыны газбен қамтылатын болады. Бұдан басқа, республикалық бюджет есебінен өңірлерді газдандыру жалғасуда. 2018 жылы 21 млрд теңгеге 46 жоба іске асырылды. Биылғы жылы Қазақстан бойынша елді мекендерді газдандыру үлесі 48 процентті құрайды», - деді энергетика министрі.

Сонымен қатар, Бозымбаев 2018 жылы еліміздегі газ өндірісі өскенін және алдағы жылдары Қарашығанаққа 5 млрд доллар инвестициял тартылатынын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер