BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында бірнеше өндірістік кәсіпорынның құрылысы жүргізілуде

Алматы облысының Іле ауданындағы «Боралдай» индустриялды аймағында бес өндірістік кәсіпорынның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы (ӨКП) Нариман Әбілшайықов бизнес-ахуал мен қалыптасқан жағдай туралы айта келе жергілікті билік өкілдерін жарықпен жабдықтау мәселесіне назар аударды.

«Боралдай» индустриялды аймағында бес өндірістік кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр және 10 млрд теңгеден астам сомада тағы да үш кәсіпорынның құрылысы жоспарланған. Олардың бір бөлігіне шетелдік инвестиция тартылған, 400-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Алайда, күні бүгінге дейін «Боралдай» аймағында электрмен жабдықтау өзекті болып тұр. Осы сұрақты шешу мақсатында ҚР Инвестициялық даму министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен кездесу өткізу туралы бастама көтердік», - деп атап өтті ол.

Сонымен қоса, Нариман Әбілшайықов бір сала кәсіпорындарын шоғырландыруға бағытталған арнайы шағын индустриялды аймақтарды құру жөнінде айтты.

«Отандық өндірушілердің өніміне сұранысты ынталандыру тағы бір маңызды мәселе болып қалуда. Осыған байланысты ұзақмерзімді келісімшарттарды жасау мен жергілікті өндірушілерді қолдау аясында жергілікті мазмұн үлесін арттыру керек», - деді ӨКП басшысы.

Сондай-ақ, ол облыстық Кәсіпкерлер палатасының жұмысына да тоқталды.

«Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына түскен барлық шағымдардың 80%-нан астамы оң нәтижемен шешілді. Жыл ішінде бизнестің мүліктік құқықтары 900 млн теңгеге жуық қорғалды. Біздің Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында 23 мың кәсіпкерге 29 мың түрлі сұрақ бойынша сервистік қызмет пен кеңестер берілді», - деді.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Құматаев бизнестің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі орын алатынын айтты.

«Аудан әкімдігі кәсіпкерлік саласындағы проблемалық сұрақтар бойынша өкілеттілігі аясында тұрақты түрде мәселелерді шешу бойынша көмек көрсетіп отырады. Сауалдар жер қатынастары, сәулет және құрылыс, коммуналдық шаруашылық, рұқсат беру қағаздарын сүйемелдеу мен рәсімдеуге байланысты», - деп атады ол.

Оның айтуынша, 2017 жылы ауданда 21 өндірістік кәсіпорын жұмысын бастаған, жұмыс істеп тұрған 16 кәсіпорын кеңейтілген, жаңадан 610 жұмыс орны құрылған.

«Ауданда сомасы 52 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 7 жоба 11 млрд теңгеге іске асырылып, қазіргі таңда 325 жұмыс орны пайда болды. Олар - бұрама шеге мен шегелерді өндіретін «Метбұйым зауыты» ЖШС, металл бұйымдарын шығаратын «Металл Строй» ЖШС, металл ыдыстарын шығаратын «IBT GROUP» ЖШС, электравтобустарды құрастыратын «Хайгер квозерс» ЖШС, пластик бұйымдарды дайындайтын «ДВС» ЖШС, бетон бағаналарын шығаратын «МББ зауыты» ЖШС, «Макдональдс» тамақтандыру желілеріне арналған нан өнімдері мен салаттар жасайтын «Фуд таун» ЖШС», - деп қосты аудан әкімінің орынбасары.

Жиын қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлікті және ауданның экономикалық жағдайын дамытқаны үшін бірқатар кәсіпкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен бірге, жиын қатысушылары ИЛО-ның қызметімен танысты. Бүгінгі таңда орталықта қажетті инфрақұрылымы бар өндірістік алаңдар орналасқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер