BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бишімбаев қаржысын жымқырды деген зауыт жақында жұмысын бастайды

Фото: ortcom.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаев қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген шыны зауыты жақында іске қосылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен бейресми жиында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, деп xабарлайды BAQ.kz тілшісі.

"Осы жылы күзде, бәлкім, қазанда немесе қараша айында шыны зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. БАҚ-тан оқыған шығарсыздар, бас мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалса да, аталған кәсіпорында негізгі құрал-жабдықтардың бәрі бар. Менің ойымша, "Бәйтерек" ұлттық xолдингі, Инвестициялық қор, Қазақстанның Даму банкі және инвестормен бірлесіп, ол зауытты қазанда, ары кетсе, қараша айында іске қосамыз. Себебі ондай өндіріс облысқа ғана емес, ел экономикасына да ауадай қажет", - деді өңір басшысы.

Естеріңізде болса, Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы xолдингіне жетекшілік еткен кезде 1 млрд теңге көлеміндегі қаржыны жымқырды деп айыпталған болатын.

Сонымен қатары, облыс әкімі өңірдегі атқарылған жұмыстар мен бірқатар мәселеге тоқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер