BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

4 мың шақырым жолды жөндеу үшін 145 млрд теңге бөлінді - ИДМ

Фото: ашық дереккөзден

Биыл еліміздің 4 мың шақырым жолын жөндеу үшін 145 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, өңірішілік мобильділікті арттыру мақсатында Мемлекет басшысы жергілікті жол желісін жөндеп, қайта жаңарту үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту тапсырмасы бойынша жұмыстар белсенді түрде атқарылуда.

«Биыл қаржыландыру көлемі 85 млрд. теңгені құрады. 2018 жылғы бюджетті нақтылау кезінде министрлік қосымша 30 млрд. теңге бөлді. Облыс әкімдіктері де жергілікті бюджеттен қаржы қарастырды. Жалпы, қаржыландыру көлемі 145 млрд теңгені құрайды, ол 4 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Алдағы жылдары қаржыландыру сомасы 150 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. Ол қаржыға жыл сайын шамамен 5 мың шақырым жол жөнделеді»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Биыл «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4,2 мың шақырым республикалық маңызы бар автожолдар және 3 мың шақырым жергілікті желілер реконструкцияланады. Қабылданған шаралар алдағы жеті жылда жергілікті жолдардың 85%-ын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек министрлік автожолдарды салуға бөлінген қаражаттың тиімділігі мен ашықтығын бақылауды күшейтетінін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер