BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады – Жеңіс Қасымбек

2016 жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 878 млрд теңге болатын 130 жоба іске қосылған. Ал биыл 700 млрд теңгеге 130 жоба жұмыс істейді. Осылайша, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2016 жылдың қорытындысы жаңғыртуды жеделдетудің қажеттілігін және салалардың оған дайын екендігін көрсетіп отыр. Дағдарысқа қарамастан өткен жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өнім 0,7%-ға артты. Түсті металлургия, қараметаллургия, фармацевтика және электротехника өндірісі артты. Дегенмен машина жасау саласындағы көрсеткіштер төмендеді. Себебі, тұтынушылар мен өңдеуші компаниялар тарапынан жөндеу жұмыстарына қызмет көрсетуге сұраныс азайды. Салаларды тұрақтандыру үшін үкімет 2016 жылы электр энергиясы мен тасымалдауға жеңілдетілген тариф ұсынды», - деді ол.

Сондай-ақ, министр алдағы жылы Индустрияландыру картасы аясында қанша жұмыс орны ашылатындығына тоқталды. Оның айтуынша, 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд теңге болатын 130 жоба іске қосылып, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған.

«Карта жобалары өткен жылы 2,2 трлн теңгенің өнімін өндірді. Оның 1,4 трлн теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл жалпы сектордың 18%-ы. Биыл жалпы сомасы 700 млрд теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде 25 жоба бірінші жартыжылдықта іске қосылмақ. Бұл жобалар арқылы тағы да 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалпы, өнеркәсіптер теңгенің жаңа бағамына бейімделді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өңдеу секторындағы өсімді 2%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер