BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Батыс Еуропа ‒ Батыс Қытай» дәлізінің 40 шақырым жолы пайдалануға берілді

Тараз, BAQ.KZ. Жамбыл облысында «Алматы‒Қордай‒Благовещенка‒Меркі‒Ташкент–Термез» тас жолының учаскесі пайдалануға берілді. Жоба құрылысымен BI Group холдингінің жол дивизионы ‒ «Казахдорстрой» ЖШС айналысты.

Жаһандық ауқымда бұл жобаның екінші лотын тапсыру - елдің аса маңызды экономикалық маңызы бар «Батыс Еуропа ‒ Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің тағы бір дайын учаскесін алғанын білдіреді.

«Асумен келе жатқан ескі жол – екінші категорияға жатады. Бұл асуда ол көліктің өсіп келе жатқан ағыны үшін қауіпсіз емес, сонымен қатар, әсіресе қысқы уақытта бұл жерде үнемі кептеліс орын алады», ‒ дейді жоба жетекшісі Шатбек Байсынов..

I Б санаттағы жаңа жол енді асуларды айналып өтіп, көлік жүргізушілерге уақытты үнемдеп қана қоймай, өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Оның басым бөлігі бетонды, бірақ тік беткейлер мен бұрылыстар асфальтталған. Бұл, әсіресе, қысқы уақытта, көлік дөңгелегінің жолмен біркелкі жанаса қозғалуына мүкіндік береді.

Ұзындығы 40 км екі жолақты жолдың аяқталған учаскесі толық жиынтықта тапсырылды: бөлу жолағы, автокөлік тұрағына арналған алаңдар, электр беру желілері, автобус аялдамасы, жол айрықтар, жол патрульдік бекеті бар. Жолдың ені 7,5 метр. Қозғалыстың есептік жылдамдығы 100-120 км/сағ.

Климаттың қатты ыстық әрі үздіксіз жел екенін ескергенде, жұмыстар өткен жылдан бастап жүргізілді. Табиғат бірнеше рет жұмысқа кедергі келтіргенімен, тапқыр құрылысшылар тығырықтан шығар жол тауып, объектіні уақытында тапсыра білді.

«Бетонның өзіне тән қасиеті бар, ‒ деп атап өтті Шатбек Байсынов, ‒ егер оны +25 градустан жоғары температурада төсесе, ол тым тез кебеді және біркелкі болмайды. Жел жұмысқа кедергі келтірді, секундына 7-10 м болған кезде біз жұмысты тоқтаттық.

Алайда, тәжірибелі командаға табиғат – еш тосқауыл бола алмады. Оңтүстіктің жылы климатын пайдалана отырып, мұнда жұмыстар екі ауысымда жүргізілді, бұл қажетті қарқын мен нәтижені қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Казахдорстрой» дивизионы осы трассаның 40 шақырымдық бірінші лотын пайдалануға берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер