BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Астанада инвестиция мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтеді

Фото: primeminister.kz

Бүгін Бақытжан Сағынтаев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» инвестициялар мәселелері жөніндегі халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Форумға 100-ден астам халықаралық компанияның, қаржы ұйымдарының, елшіліктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасарлары А. Маминнің, А. Мырзахметовтың, Е. Досаевтың, А. Жұмағалиевтің, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компания басшыларының қатысуымен келесі бағыттар бойынша пленарлық сессиялар өтеді:

  • Көлік және логистика;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді кеңейту;
  • АХҚО: Астана — өңірдің қаржы орталығы;
  • Тау-кен-металлургия кешені;
  • Жекешелендіру: жаңа кезең;
  • Энергетика саласын дамыту келешегі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер