Автомобиль жолдары комитеті: Жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады  - Индустрияландыру|23 Тамыз 2018, 21:11
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Автомобиль жолдары комитеті: Жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады 

Біздің жоспарымыз бойынша, жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады. Бұл жөнінде Орталық коммуникацялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл пайдалануға берілетін ақылы жолдар бойынша айтар болсам, бұл үш уучаске - «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Хоргос». Аталған жолдардың жалпы ұзындығы 471 шақырымды құрайды. Осы жылдың соңына қарай іске қосылады», - деді Амангелді Беков.

Брифинг барысында мәлім болғандай, «Астана – Павлодар» учаскесі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген ирандық мердігер компаниямен шарт бұзылып, бұл жұмыстарға басқа компания тартылған. Аталған бағыттағы тас жолда жыл соңына дейін қозғалыс ашылады.

«Өздеріңізге белгілі орталықты басытпен қосатын Астана, Арқалық, Қандыағаш, Ырғыз арқылы өтетін үлкен жоба бар. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жоба аясындағы жұмыстар 2020-2021 жылдары басталады деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, біздің жоспарымыз бойынша, жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады», - деді Беков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер