BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«АтырауМұнайМаш» технологияның озық тәсілдерін қолдануда – Мақсот Ишаев

«АтырауМұнайМаш» ЖШС бас директорының орынбасары Мақсот Ишаев Елбасы жолдауына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«АтырауМұнайМаш»-тың мұнай-газ кешені құрал-жабдығын және қосалқы бөлшектерін шығару мен оларға қызмет көрсетуде бай тәжірибесі бар. Қазіргі заманғы технологияларды да толық игерген. Өндіріс орны «Теңізшевройл» ЖШС-нің тапсырысын уақытында әрі сапалы орындады. Енді Қарашығанақ Петролеум компаниясына қажетті бұйымдарды жасап шығаруда. Өнімнің сапалы дайындалуына баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта республика көлемінде бұрын-соңды болмаған технологияның озық тәсілдері қолданылуда. Дәнекерлеу автоматты түрде жүреді. Оның құрастырылуын, сырлануын шетелдік компания мамандары күнделікті тексеріп, қатаң қадағалайды. Бүгінде серіктестік жалпы құны бірнеше миллиард теңгені құрайтын 14 келісімді орындауға күш салуда», - дейді Мақсот Ишаев.

Елбасы жолдауында «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деген еді.

Еске сала кетсек, «АтырауМұнайМаш» серіктестігі бұдан бұрын «Үздік индустриялық жоба» арнайы сыйлығын еншілеген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер