BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана-Щучинск автожолы бойындағы қызмет көрсету нысандары қалыпқа келмек

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Астана-Щучинск күрежолы бойындағы қызмет көрсетуді дамыту жоспарымен бөлісті. Ол жол бойындағы 140 нысанның тиісті қалпына келтірілетінін айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша ел азаматтары Астана-Щучинск автожолы бойындағы дәретxана сапасы, тамақтанатын орындар мен азық-түлік сататын дүкендердің жетіспейтінін айтып шағымданады. Осы орайда Мәлік Мырзалин қызмет көрсетуді қалай жақсартуға болады деген сұраққа жауап берді.

“Бұл бәріміз үшін маңызды сұрақ. Өзім де бұл трассада іс-сапармен көп жүремін. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын “ҚазАвтоЖол” өкілдерімен бірге қарап шықтым. Бізде мемлекеттік стандарт бар. Соған сай жол бойында қызмет көрсететін 140 нысанды тиісті қалыпқа келтіреміз. Астана-Щучинск автожолы бойында қызмет көрсететін үш стационарлық нысанды ашу ды жоспарлап отырмыз. Олардың екеуін биыл аяқтаймыз. Тағы тоғыз модульді, біз жобаны бекіттік. Олардың бәрі әдемі көрінетін болады”, - деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша тоғыз нысанның төртеуі жолдың бойында, екеуі Щучинск курортты аймағында орналасады. Мәлік Мырзалин бұл жұмыстарды 2018 жылдың туристік маусымы басталғанға дейін аяқтаймыз деп уәде берді. Сөз соңында ол жол бойындағы талапқа сай емес дәретxаналардың бәрін сүргіщззетінін және қажетті дүкендер мен тамақтану орындары, санитарлық тораптар болатынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер