Астанадан Қосшыға баратын жол жабылады - Индустрияландыру|17 Қыркүйек 2018, 23:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанадан Қосшыға баратын жол жабылады

Қозғалыс уақытша айналмалы жолда жүзеге асырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ІІД-не сілтеме жасап.

Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы «Обход Астана» автожолының құрылысына байланысты Қосшы кентіне баратын Қарқаралы тас жолы бойынша транспорт қозғалысын шектеуді жоспарлап отыр.

"Қозғалыс қыркүйектен бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін айналма жол арқылы жүзеге асырылады. Қауіпсіздік мақсатында Астана ІІД әкімшілік полициясы басқармасы, көлік жүргізушілеріне барынша мұқият болуды және жол қозғалысын ЖЖЕ талаптарына сәйкес іске асыруын сұранайды" - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер