BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы "Оңтүстік-Шығыс" ықшам ауданында 20 көшеге асфальт төселеді

«Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсенбаев халықпен есептік кездесу барысында «Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданында ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге жыл соңына дейін асфальт төселетіні туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні қала шетін дамыту Астана дамуының негізгі басымдықтарының бірі.

Биылғы жылы «Алматы» ауданына қарасты Железнодорожный, Промышленный, Күйгенжар , Мичурин кенттерінің аула аумақтарын абаттандыруды жоспарлануда. Әкімнің айтуынша, кенттердің аулаларында қосымша ағаш егіліп, балаларға арналған ойын алаңдары ашылады.

Сонымен қатар, аудан әкімі жаңа жолдар салу мен бар жолдарды қайта жаңарту туралы жоспарымен бөлісті.

«Бірінші кезете «Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданында жаңа жолдар салу мен бар жолдарды қайта жаңартуды аяқтау керек. Осы ықшам аудандағы 80 көшенің, 40-да ешқандай жабынды болмаған. Өткен жылы осы 40 көшенің 20-ы жөнделді, ұзындығы шамамен 10 шақырымды құрайды, тағы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын 20-ға жуық көшені ретке келтіру қалды. Ықшау андан тұрғындарының өмір сүруіне барынша жайлы болу үшін біз осы жылы барлық жұмысты аяқтауды жоспарлаудамыз», деп айтты аудан әкімі.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша, аула ішілік өтпе жолдарды қайта жаңартуға ерекше назар аударылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер