BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы бірқатар «сақалды құрылыс» иелері жауапқа тартылды

Фото: Литер

Астана қаласы прокуратурасы азаматтардың елорда аумағындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына салған қаржыларын ұрлауға байланысты қылмыстық істерді тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана қаласында Ішкі Істер Министірлігімен бірлесіп, «Алға Тоқболат» ЖШС (басшысы Әлжан Е. Ә., объект –Тұран даңғылынан батысқа қарай - Сығанақ); «КазГазАстана НС» ЖШС және «Алтын Сапа 2011» ЖШС (басшысы Д. К. Ахмедьяров, объектілері – Қошкарбаев көшесі ТК «Зере» және «Зере-2» Қошкарбаев көшесі) сондай-ақ «НМ-Астана Құрылыс» ЖШС (басшылары Б.Т.Шәкіров және Н.Т.Жағыпаров, объект – Төлебаев көшесі ТК «Арыстан») қатарлы бірнеше құрылыс жұмыстарымен айналысатын ЖШС-ді тексерді» - делінген хабарламада.

Жоғарыда айтылған кәсіпорындар басшыларының іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189, 190 және 250 баптарына сәйкес қылмыстық қудалау органымен саралануда.

Қазіргі уақытта астаналық прокуратура органы анықтағандай белгіленген қылмыстық іс мәні бойынша тексерілу үшін Астана қаласының сотына жолданды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер