BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Жасыл технологиялар орталығы ашылады – Бозымбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Елордада ХI Еуразиялық Kazenergy форумы өтiп жатыр. «Болашақ энергияға бастар жол» тақырыбымен өтiп жатқан форум екi күнге жалғасады. Шараның ашылу рәсiмiнде ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев алдағы айда ЭКСПО базасында халықаралық жасыл технологиялар орталығы ашылатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Алдағы 2017-2025 жылдары елiмiздiң отын-энергетикалық секторы 19 триллион теңгеге жетуi керек, олардың 97 пайызы жекеменшiк инвестициялар есебiнен қамтамасыз етiледi. Дегенмен, Қазақстан стратегиясы дәстүрлi энергетиканың жоғары көрсеткiштерiне ғана емес, баламалы, оның iшiнде жаңғыртылмалы энергия көздерiн кезең-кезеңмен дамытуға бағытталған. Соңғы жылдары баламалы энергетика елiмiздiң үкiметi тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Дәстүрлi энергия көздерi саласында жұмыс жасайтын көптеген жетекшi компаниялар жаңғыртылмалы энергия көздерi саласына бiртiндеп көшiп жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан энерготеңгерiмге баламалы және жаңғыртылмалы энергия көздерiн тартып жатыр. Олардың үлесi 2020 жылға қарай 3%, 2030 жылға қарай 10% және 2050 жылға қарай 50%-ды құрауы тиiс», - дедi Бозымбаев.

Министр елдегi iрi корпорациялар жаңғыртылмалы энергия саласында белсендiлiгiн арттырып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, алдағы айда ЭКСПО базасында халықаралық жасыл технологиялар және болашақ энергиясының инвестициялық жобалары орталығы құрылатынын жеткiздi. Орталық энергетикалық сектордың трансформациясы мен «жасыл» бизнеске көшу жұмысымен айналысатын болады.

«Орталық ЭЫДҰ-ның индустриалды дамыған Ресей, Қытай, АҚШ, Үндiстан, Латын Америка елдерiмен әрiптестiк орнатады. Ол Қазақстанда ғана әрекет етпей, бүкiл Орталық Азия аймағымен әрiптестiк орнатады. Мен барлығымыз бiрлесiп тиiмдi, таза, жасыл энергетика болашағының сенiмдi iргетасын қалаймыз деген сенiмдемiн. Бiз энергетиктердiң келесi ұрпағына сондай болашақ қамтамасыз етуге мiндеттiмiз», - дедi Қанат Бозымбаев.

Атап өтсек, форумды Kazenergy қауымдастығы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қолдауымен ұйымдастырып отыр. Форум ЭКСПО көрмесiнiң басты шараларының бiрi саналады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер