Астанада түнгі маршруттар жұмыс істейтін болады - Индустрияландыру|12 Қаңтар 2017, 13:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада түнгі маршруттар жұмыс істейтін болады

Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде 2017 жылға арналған елорданың көліктік кешенінің даму бағдарламасы көрсетілген қоғамдық тыңдауда Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, дейді BAQ.kz тілшісі.

Оның айтуына қарағанда, тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін таксидің заманауи регуляторлық нұсқасын "Елорда такси қызметі" жобасын жүзеге асыру аясында енгізу қарастырылған.

«Қоғамдық көліктің ең басты қиындықтарының бірі сауатты кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады. Сол себепті жылдың аяғына дейін 700-ден астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда» - дейді қала басшысы.

Сонымен қатар, қаланың көше-жол жүйесіне түскен салмақты төмендету мен тұрғындарды қозғалыстың оңтайлы жолдарымен қамтамасыз ету мақсатында "Ақылы кіру жолы" жобасын жаппай (қарбалас сəттерде) енгізу жоспарлануда.

«Қалаға кіру үшін ақы алу бойынша техникалық шешімдердің түрлі конфигурациялары қарастырылып қойылды. Заманауи IT- шешімдердің қолданылуымен кіру магистральдарында 6 ауқымды көлік тұрақтарын жетілдіру ең оңтайлы шешім болып табылады» - дейді Әсет Өрентайұлы.

Қала əкімшілігімен халықаралық консультанттарды қатыстыра отырып, "Астана қаласының көлік тұрақтарын басқару" жобасын жүзеге асыру жұмыстары жасалын табатын болады.

«2017 жылдың аяғына дейін 9000 ақылы көлік орындарын жасау жоспарлануда. Əкімшілікпен вокзал маңындағы аймақта алғашқы жоба жүзеге асырылды. Жаңа жолдарды салумен, тұрғындарды тартатын ірі мекемелердің пайдалануға берілуімен байланысты көлік инфрақұрылымының дамуы аясында автобустардың маршруттік жүйесін жаңалау жұмыстары қарқынды түрде жалғастырылатын болады» - дейді Әсет Исекешев.

2017 ж. Жаңатеміржол вокзалы жанынан өтетін жұмыс істейтін көптеген маршруттардың жүру кестесін өзгерту жоспарлануда. Көлік хабтарынан EXPO-2017 қызмет көрсететін 7 жаңа ShuttleBus маршруттары жүйеге енгізіледі.

«Тәулік бойы жұмыс жасайтын тұрғындар үшін маңызды орындарды (əуежай, теміржол вокзалы, автобекет, саудаүйлері) қамтитын 3 түнгі маршрут енгізу ұсынылды. 2017 ж. Жол бөлігіндегі автобустар санын көбейту арқылы қала маңы маршруттарының саны көбейетін болады» - деді әкім.

Азаматтардың пікірін білу үшін елорданың көлік кешенінің дамуы жөніндегі 2017ж. Көзделген мақсаттар бағдарламасын талқылау нәтижелері HYPERLINK "http://astana.gov.kz/" \t "_blank" astana.gov.kz Астана қаласының Əкімшілігі сайтында орналастырылатын болады. Барлық ұсыныстар мен толықтырулар 2017ж. 1 ақпанына дейін Астананың тұрақты дамуы мен астаналық англомерация Кеңесі секретариатымен HYPERLINK "mailto:info@suraa.kz" \t "_blank" info@suraa.kz немесе HYPERLINK "tel:+7%20700%20717%202109" \t "_blank" +7 700 717 21 09 what'sapp нөміріне хабарлама ретінде қабылданатын болады.

Бағдарлама қоғамдық өкілдер мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып бекітілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер