BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Индустриаландыру картасы аясында 3 мың адам жұмысқа орналастырылды

2010 жылдан бастап Индустриаландыру картасы аясында Астанада 24 жоба іске асырылды, деп хабарлады Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитов.

«Индустриаландыру картасы аясында 2010-2016 жылдар аралығында Астанада жалпы сома 232,6 млрд теңгеге 24 жоба іске асырылды. Соның арқасында шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды», - деді А. Рашитов.

Онымен бірге Индустриаландыру картасы аясында өндірістік өнімнің көлемі ағымдағы жылдың 7 айында 22,3 млрд теңгеге немесе 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе артып, 111,3 млрд теңгені құрады. Ведомство мәліметтері бойынша жобалардың жүктемесі орташа есеппен алғанда 78 пайызды құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер